Буккроссинг-бірге оқимыз
«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады»-деген екен ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов Кітапхана оқырмандары арасында кітап оқуды насихаттау, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Буккроссинг» жобасы аясында «Буккроссинг-бірге оқимыз» атты кітап фримаркеті өтті. Жалпы «Буккросинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптің айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. «Буккросинг» кітап пен оқырман арасын жақындатудың ең тиімді жолы. Осы орайда ұйымдастырылған шараға кітапханамызға жақын ораласқан оқу орнындарының жастары қатысып , өдерінің сүйіп оқыған кітабын басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік берді.Шара нәтижесінде кітапханаға жаңадан 8-оқырман жазылды.
Шараның басты мақсаты өзің оқыған кітаптарға екінші өмір сыйлау, оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту. Барлық қатысқан оқырман саны:28