Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада ақын, жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына -165 жылдығына орай «Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау» тақырыбында рухани кеш қаламыздағы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің, №43 мектеп оқушылары қатысуымен өткізілді. 2022жылғы республикалық Сезім, Аяжан, Сардар және Диастың қатысуымен өткізілді. Кеште оқырмандарымызға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат беріліп, «Шәкәрім оқулары» байқауының жеңімпаздары, жас оқырмандарымыз Шәкәрім атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Кеш қонағы №43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Гүлзия кешті қорытындылап, балаларға Шәкәрім атамыздан қалған мол мұра, өлеңдерінің жастарға ауқымы кең, тәлімдік-тәрбиелік мәні туралы айтты. Мақсаты: Жастарды отансүйгіштікке баулу, арлы, намысты, рухты ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру.










