Төлен Әбдіктің «Өліара» романы

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты   №18 кітапханада  «Бір ел-бір кітап»   акциясы аясында белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері  Төлен Әбдіктің «Өліара» романынан кітап талдауы  өткізілді. «Өліара» Төлен Әбдіктің 1985 жылы жарыққа шыққан романы. Ескі мен жаңаның айқасы. 
   Социалистік жүйе қазақ халқының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани тағдырында өліара кезең болды. Қаламгер өзінің «Өліара» романына тарихтың осындай өткелі кезеңін арқау еткен. Ұлт болмысында елеулі із салған сол бір күрделі кезеңнің сыр-сипатына бүгіннің көзімен қарайды. Уақыт ағымын ерте түсініп, сол түсінігі өмірінің қызығы мен қиынына айналған Бәйтен мен Оймауыт бейнесін, сол уақыттың аласапыранында   адалдығына   араша таба алмайтын жаны таза  парасатты   романның бас кейіпкері.- Асқар бейнесін,  көзі ашық, оқыған бай баласы Сейіт бейнесін,  заман талабын басқаша түсінетін Нұрбек, өз қалыптарынан ауытқымайтын парасат иелері Қалаған мен Бикеннің бейнелерін оқырмандар оз ойларынша жеткізе білді.  Кітап талдауын  қалалық олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Боранбаева Гүлзағи   қорытындылап,  жазушы шығармаларын  оқуға      ұсынды.        
23 қазан 2023 ж. 360

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам