Қыран елім – Қазақстаным!
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана 25 қазан - ұлттық мерекеміз Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» атты тарихи сағат өткізді. Шараға С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында өткен жылдан бері қайтадан ұлттық мереке мәртебесін алған тарихи күннің мән-мағынасы, еліміздің түрлі саладағы даму көрсеткіштері мен жеткен жетістіктері кеңінен әңгімеленіп, мемлекеттілігіміздің дамуына зор үлес қосу әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы екені айтылды. Шараға арналған «Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ұлы дала елі», «Менің елім - Қазақстан», «Атамекен», Б. Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік тамырлары», «Елтаным», «Қазақ елімен сиқырлы саяхат» және т.б. еңселі егемендігіміз бен тәуелсіз еліміз жайлы жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалды.
Мақсаты – өскелең ұрпақтың туған жерімізге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.