Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» романы

    Қалалақ орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың  ұйымдастыруымен, «Бегім-ай» өнер орталығы көркем оқу үйірмесінің оқушылары арасында көркем сөздің хас шебері, жазушы  Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» романы бойынша кітап талдауы  болып өтті. Шарада Ғ.Мұстафиннің өмірбаяны қысқаша баяндалып, шығарма кеңінен талқыланды. Шығарманың басты идеясы – соғыстан кейінгі қазақ ауылдарын көркейту, оның ішінде ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, электрлендіру,  жол салу сияқты мәселелерді қолға алу болып табылады.   Оқырмандар шығарманың басты кейіпкерлері Жақып пен Жомарттың  екі түрлі көзқарастары,   ескілікпен жаңашылдық арасындағы тартыс,  махаббат, достық, бала тәрбиесі және өмір құндылықтары туралы ойларын ортаға салып,  шығарманы қызу талқылады.  Қазіргі кезеңде  шығармадағы  кейіпкерлер Жомарт, Жанат,  Жәнібек, Жантас секілді  елін шынайы сүйетін   азаматтар   көп болса ауыл мен қаланың айырмашылығы болмаста еді деген пікірмен шара қорытындыланды.    «Сара тілді сарабдал қаламгер» атты кітап көрмесі   бойынша жазушының шығармаларына шолу жасалды. 
 
23 қазан 2023 ж. 359

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам