Жырым сенсің, туған жер
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы мен А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен «Жырым сенсің, туған жер» атты әдеби сайыс өтті.
Әдеби сайыстың мақсаты Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту, әлеуметтік сала қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін, өнерге қызығушылығын арттыру және кәсіподақ мүшелері арасында шараларға қатысу белсенділігін арттыру болды.
Әдеби сайыс екі кезең бойынша өткізіліп, бірінші кезеңінде Туған жерге, Сыр еліне, Қызылорда қаласына арналған өлеңдер оқыса, ал екінші кезеңде сайысқа қатысушылар қалаған тақырыбы бойынша, яғни еркін тақырыпта өлеңдер оқыды. Екі кезең бойынша қазылар алқасы өлеңнің мағынасына, оқу шеберлігіне, мәнерлеп жатқа оқуына, тақырыптың ашылуы мен мазмұнына баса назар аударды.
Әдеби сайысқа «Әлімсақ» журналының бас редакторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Көбегенұлы, «Қызмет» салалық облыстық кәсіподағының төрайымы Тұрсынбаева Сауле Сахиқызы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Асқарова Сауле Кеңесбекқызы төрелік жасады.
Қорытындысында үздік деп танылған №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психолог-маманы Шарапат Раушанбек Айбекұлы бірінші орынға, осы орталықтың кітапханашысы Уалиева Гүлзат Жұмабекқызы, Мүгедектерге арналған оңалту орталығының қызметкері Ермағамбет Махмут Кәрімұлы екінші орынға, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психолог-маманы Мырзаханова Назерке Маратқызы, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аяжаны Әмин Салтанат Болатқызы үшінші орынға лайықты деп танылып ақшалай сыйлыққа ие болды. Сайысқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.