Ел үшін туған ер

   Қалалық   орталықтандырылған   кітапханалар   жүйесіне қарасты      № 16, 17 кітапханалардың ұйымдастаруымен «Ел үшін туған ер»   атты   Қамбар батыр    жырынан   оқушылар арасындағы    байқау  Қызылжарма мәдениет үйінде өткізілді.
Байқаудың мақсатыҰмыт бола бастаған батырлар жырын, қисса-дастандарын, арнауларын жаттауға өскелең ұрпақты машықтандыру. Жас ұрпақтың   патриоттық сезімін қалыптастыру, Елін, жерін қорғайтындай азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету.  
   Батырлар жыры – яғни, қаһармандық эпос халық поэзиясының ертеден келе жатқан көлемді де көрнекті жанрларының бірі. Оның сюжеті күрделі оқиғаларға, шиеленіскен тартысқа құрылатындықтан және қалың бұқараның көкейкесті мақсат-мүддесін, ой-қиялын  бейнелейтіндіктен, тыңдаушыны баурап, әсерге бөлейді. Сондықтан да ол қалың бұқараға кеңінен тарайды, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұзақ уақыт сақталады. «Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. 
Байқауға Б. Ермекбаев атындағы № 271 мектеп, Н. Ілиясов атындағы № 9 мектеп –гимназия,  А. Байтұрсынов атындағы № 211 мектеп, С. Әлжіков атындағы № 144 мектеп, № 222 мектеп оқушылары қатысты.
   Шараны Қызылжарма ауылдық округі әкімі Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы ашып , қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау екі кезең бойынша өткізіліп, бірінші кезеңі  «Жауға шаптым   ел үшін....» деп аталып, бұл кезеңде әр   сайыскер өз қалауы бойынша «Қамбар батыр» жырынан үзінді оқыды.    Ал екінші     «Батырлар-ел қорғаны»   кезеңінде   «Қамбар батыр» жыры бойынша  сахналық көрініс көрсетті.
   Байқауға төрелік жасаған қазылар алқасы  үзіндіні таңдай білуге, жырды мәнерлеп оқып әсерлі жеткізе білуіне,  сахналық көріністің мәніне,  орындаушылық шеберлігіне   баса мән берді.  Байқауды қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы қорытындылап, әділқазы алқасы байқаудың шешімін жариялады. Байқаудың нәтижесінде      бас жүлдеге С. Әлжіков атындағы №144 мектеп оқушылары,      бірінші орынға Т.Рысқұлов атындағы № 222 мектеп оқушылары,        екінші орынға  А. Байтұрсынов атындағы  № 211 мектеп оқушылары,  үшінші орынға Б. Ермекбаев атындағы № 271 мектеп оқушылары мен Н. Ілиясов атындағы № 9 мектеп –гимназия   оқушылары  лайық деп танылды. Жүлделі орындарға арнайы сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар табысталды.   
27 қазан 2023 ж. 348

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам