Алаштың ардақты ақыны
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхана М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Алаштың ардақты ақыны» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Қырықбес жылдық ғұмыры халқымыздың тарихындағы атыс- шабысқа толы, зұлмат кезеңге тұспа – тұс келсе де артында өшпес мол мұра қалдырған М. Жұмабаев қазақ әдебиеті, жалпы түрік мәдениетінің зор қайраткері. Мағжандай ақыны бар әдебиет ұлы болашағына сенімді болуға тиіс.
Сайысқа №187 ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Пашабай Әли, Абай атындағы үш тілде дарынды балаларға арналған мектеп 8 «J » сынып Пазылхан Бахыт, № 12 І.Қабылов атындағы 12 IT-мектеп-лицейінің 9 «ә» сынып оқушысы Жаңбырбай Ислам, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы оқушысы Маханбетова Аружан, Еркін Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп- лицей – интернатының 9 сынып оқушысы Тәуекел Ақерке, № 101 Ә Мүсілімов атындағы мектеп лицей - оқушысы Ринатұлы Нұртөре, Абылайхан атындағы № 140 мектеп 8 сынып оқушысы Көлбай Айару қатысып, ақын жырларын мәнерлеп жатқа оқыды.
Сайысқа облыстық тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Сембиева Гүлбану Ғарифуллақызы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Каюпова Дидар Сламбекқызы төрелік жасады. Қорытындысында Еркін Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп- лицей – интернатының 9 сынып оқушысы Тәуекел Ақерке үшінші, Абылайхан атындағы № 140 мектеп 8 сынып оқушысы Көлбай Айару екінші, № 101 Ә Мүсілімов атындағы мектеп лицей - оқушысы Ринатұлы Нұртөре бірінші орынға лайықты деп танылып, арнайы дипломмен сыйлықтармен, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.