Өсіп келем ой бағып

    Қалалық  орталықтандырылған  кітапханалар   жүйесіне  қарасты №13 балалар кітапханасы балалар  жазушысы, әдебиет зерттеуші, журналист, публицист, аудармашы    Мұзафар Әлімбаев – 100 жылдығына   орай  «Өсіп  келем   ой  бағып» атты әдеби  оқуды   № 257 орта мектептің  5 «Б»   6 «А» сынып  оқушыларымен  сынып жетекшілері қатысуымен өткізді. 
    Балалар  ақыны,   жазушы   Мұзафар  Әлімбаетың өмірі  мен шығармашылығына  арналған 10   минуттық  бейне   баян   көрсетіліп, кітапхананың   белсенді  оқырмандары Нұрадин  Нұрәлі   «Теңізден  табылған  тас өлеңі», Оразбай  Әділет «Қайтып  келген   хат», Мақаев  Әділжан  «Көкжалдаудың   жауабы», Қайрақбай  Фатима «Оқыстан  туған  өлең», Амангелді  Айым «Кірпі», Сәрсенбай  Нұрсезім «Ақ   дәптер, жыр авторы», .  Жеткербай  Ақмаржан «Ана тіліне  тағзым», Оразбай   Кәусар «Білгір  мекен», Әбжәми  Інжу «Ана», Темірбек  Қарақат «Әке», Сайлаубай  Әлима «Кітап   жеміс ағашы», Дарханұлы Мұстафа «Бұлақ   деп неге аталған»,  Жейткен  Еркеназ «Күн   анамыз»,  Бекмырза Жәния «Туған  өлке» ақынның  бірнеше   өлеңдерін  жатқа оқыса, Дарханұлы Мұстафа,  Асқарұлы   Ерасыл, Сайлаубай Әлима,   Сабыров  Әлихан,  Атырау Шахмардан   жазушының «Күлкінің  көз  жасы»  ертегісінен  көрініс   көрсетті. Жұмбақтар шешіліп, жас оқырмандар белсенділігін арттырды.  Мұзафар Әлімбаевтың өмірі   мен шығармашылығына  арналған «Бала деп соққан  бауырмал жүрек»  атты кітап   көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. 
30 қазан 2023 ж. 505

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам