Ақ бура сезімдер
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 кітапхананың ұйымдастыруымен Сыр елінің мақтаны, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Жадыра Дәрібаеваның туғанына 75 жыл толуына орай «Ақ бура сезімдер» атты әдеби-жыр кеші №253мектеп оқушылары қатысуымен өткізілді. Жадыра Дәрібаева- Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының иесі, бұрынғы Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі. Шара барысында ақынның өмір жолдары мен шығармалары насихатталып, кітапхана оқырмандары «Ақбура сезімдер» атты жыр жинағына енген өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Кеш қонақтары № 253 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Уразалиева Айда, сөз алып, ақынның шығармашылығына тоқталды.







