Сырдың перзенті Оңталап Нұрмаханов
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен Аралды толғаған асыл перзент, Қорқыт топырағын жырлаған айбынды ақын, сахнаны сөйлеткен сардар өнер иесі – Сырдың перзенті Оңталап Нұрмахановтың 65 жылдық мерейтойына орай сыр жастарымен кездесу кеші өткізілді.
Кеш Н.Бекежанов атындағы Облыстық музыкалық драма театры әртістерінің режиссердің «Көрұғлы» спектаклінен үзінді көрсетуімен басталды. Оңталап Нұрмахановтың шығармашылығынан бейне баян көрсетіліп, «Парадарайя сақтары» өлеңі оқылды. Кешті жүргізуші ақын Ақжол Түменбай ақын, сценарист Оңталап Нұрмахановтың өнегелі өмір жолымен шығармашылығымен таныстыра отырып, кешті мәнеріне келтіре отырып жүргізді.
Кездесу кешінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Елубай Әуезов, , қоғам қайраткері Аңсатов Сәпен, замандас-құрдасы Шегенбаев Молдабек, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов сөз сөйлеп, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының директоры Нұрбек Амиша, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ғазиза Әбілда қатысты. Қалалық Жастар театры әртістері режиссердің «Қалың елім, қазағым» спектаклін көрсетті.
Оңталап Нұрмахановтың сөзіне жазылған Рамазан Таймановтың «Қорқыт-Қобыз» әнін облыстық филармония әншісі Гаухар Бисекенова, «Біз Қызылорда қаласынанбыз» әнін «Тұран» триосы орындап, кеш ажарын келтірді
Кеш соңында ақынға сөз кезегі беріліп, өз шығармашылығы туралы айтып, өлең шумақтарын оқыды. Қалалық Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыппар Тажмаханов кешті қорытындылап, ақынға сый-сыяпат жасады.







