Өмір жолы өнеге
XX ғасырдың бірінші жартысындағы зобалаң жылдар қазақ даласын жайлаған ашаршылық, ұжымдастыру, қуғын-сүргін Қазақстан тарихының қасіретті беттерінің бірі. Ұзақ уақытқа дейінгі кеңестік жүйенің жаппай қуғын-сүргін құрбандары негізінен Ұлт болашағының жанашырлары болған. Осы тақырыпқа негіз болған Алаштың ардақты азаматтарының бірі, Сыр перзенті, белгілі қоғам қайраткері Темір Камаловтің туғанына 125 жыл толуына орай, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Өмір жолы өнеге» атты ауызша журнал өтті.
Камалов Темір қоғам қайраткері 1898 жылы Тереңөзек ауданы, Қараөзек ауылында дүииеге келген. Перовскідегі түземдік мектепті, Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген. 1919-1928 жылдары Перовск уездік және қалалық партия органдарында, 1928-1937жылдары Ташкент, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар облыстарында жауапты қызметтер атқарған. Орталық Халық шаруашылығы Кеңесі тексеру комиссиясының төрағасы, Қазақстан астық және мал шаруашылығы өнімдерін дайындау Одағының басшысы болған. 1937 жылы Қостанай облысының партия қызметінде жүргенде жазықсыз жаламен тұтқындалып 28 ақпанда 1938 жылы қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болып, 1958 жылы 03 сәуірде КСРО Жоғарғы Әскери сот алқасы шешімімен ақталған болатын.
Шараға Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің бастауыш білім беру мамандығының студенттері қатысып, Қазақстанның қоғамдық саяси тарихында лайықты орын алған, қазақ руханиятының жарық жұлдызы, Темір Камаловтың өмірбаяны жайлы толық ақпарат алды. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айтуғанқызы Ақбота Шырмағанбетова сталиндік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болған Темір Камаловты Сыр елі ешқашан ұмытпайтынын,. қазір қалада оның есімімен аталатын көшенің бой түзегенін айтып өтті. Шарадан жастарымыз орамды ойға жетелейтін, өткен тарихты еске түсіретін деректерден толық ақпарат алып, жақсы әсермен тарады.