Біздің көмекшіміз – техника
Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасы жас оқырмандарға техникалық әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Біздің көмекшіміз – техника» атты ойлан тап ойынын өткізді. Шараға Абылайхан атындағы №140 мектептің оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға суреттер арқылы күнделікті тұрмыста қолданылатын жаңа технологиялық бұйымдар жайлы викториналық сұрақтар беріліп, тұщымды жауаптар алынды. Шараға зор қызығушылықпен қатысқан оқушылар тез әрі нақты жауап беріп, өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсетті.







