Экософия немесе киелі табиғат
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының қолдауымен жарық көріп, кітапхана қорына жаңадан түскен «Экософия немесе киелі табиғат» атты кітапты оқырмандарға кеңінен насихаттау, «Экософия» сөзінің түп-төркінін түсіндіру, этнопедагогикалық, экологиялық мәдениет пен тәрбие және білім беру мақсатында танымдық әңгіме шолу өткізді. Шара барысында ежелгі түркі дәуірінен басталатын қазақ фольклорының табиғат және жан-жануар әлемі туралы қызықты қисса мен аңыздары әңгімеленіп, адамзаттың ортақ дүниесі болып саналатын өсімдік пен жан-жануар әлеміне қасаң биологиялық көзқараспен емес, жаратылысқа рухани құндылық ретінде қарап, қазақтың «кие», «обал», «сауап» сияқты қасиетті наным-сенімі тұрғысынан қарауға шақырған кітаптың мазмұны түсіндірілді. Жас оқырмандар туған өлкесін, киелі жерлерімізді, адамзаттың ортақ үйі – жер шарын, табиғатты қорғауға, аяулауға, қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақырған шараны зор қызығушылықпен тыңдап, өздерінің шарадан алған әсерлерімен ой бөлісті.







