Әрқашан күн сөнбесін!
Бала – біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы, қоғамның ең пәк мүшесі. Барша тіршілік иесі ұрпағының жарқын болашағы үшін өмір сүретіні анық. №19 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Әрқашан күн сөнбесін!» атты ертеңгілік №187, 264 мектеп жанындағы лагерь оқушыларымен өткізілді. Шара барысында концерттік бағдарлама дайындалып, ән мен жырдан шашу шашылып, би биленді. Оқырмандардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін», «Туған өлке», «Туған жер» т.б. әндер шырқалып, халық күйлері «Кеңес», «Келіншек» және «Қазақ», «Қара жорға» орындалды. Жас оқырмандар «Флешмоб» биін жасап, өздерінің бақытты балалық шақтарын көрсетті. А. Сопыбековтің «Біз бақытты баламыз», Т. Жомартбаевтың «Балаларға насихат» өлеңдері жатқа мәнерлеп оқылды. Шара соңында оқушылар кітапханаға экскурсия жасап,естелік суреттерге түсті.







