Ел тәуелсіздігінің жарқын туындысы - Теңге
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада ұлттық валюта Теңге күніне орай «Ел тәуелсіздігінің жарқын туындысы - Теңге» атты ақпараттық сағат №197 мектептің 6 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Аралбаева Айсұлудың қатысуымен өткізілді. Ақпараттық сағатта балаларға ұлттық валютамыз Теңге туралы мол мағлұмат беріліп, әдебиеттер таныстырылды. Мақсаты: Жастарды Отанымызды сүюге, елімізді, ұлттық Теңгемізді құрметтеуге үйрету.







