Тарихы мол төл теңгем

    Қазақстан Республикасы  Тұңғыш Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енген күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады. Осы орайда, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана, Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледж  студентерінің қатысуымен «Тарихы мол төл теңгем»  атты ақпараттық  дайджест өткізді. Шара барысында ұйымдастырылған кітап көрмесінен  жастар валюталық қарым-қатынастарды нығайтудағы теңгенің қызметі, тарихы, қолданыстағы маңызы, ақшаның мәні және атқаратын қызметі туралы мәліметтермен  танысып, толық ақпарат алды. Оқырмандарды ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұматтар,  Басқа ел валюталары, безендірілуі туралы мағлұмат қызықтырды. 
14 қараша 2023 ж. 167

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам