Сыр перзенті

    А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапхана   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы  Қалтай  Мұхамеджановтың мұражайын және жеке кітапханасын оқырмандарға таныстырып, жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында  «Сыр перзенті» атты танымдық кеш  өткізді. Шара барысында оқырмандар Қ.Мұхамеджанов кітапханасының қорындағы   белгілі қоғам қайраткерлері мен қаламгерлердің өзіндік қолтаңбалары бар кітаптарымен қатар жеке музейімен танысты.  «Өркениет» медициналық және  Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің студенттері  Н.Қуаныш,  М.Махамбетжанов, А.Біртай,  Е.Молдахмет   «Қалтайдың қалжыңдарынан» үзінді қойып, Ә.Тәжібаевтың арнау өлеңін оқыды. Елен Соннат  Шығыстың ұлы ойшылы, тәжік-парсы поэзиясының «ақындардың патшасы» атанған классигі   Әбу Әбдіаллах Рудакидің «Өмір маған ақыл айтты-сол ізгі» атты шығармасын жатқа оқып, көрерменнің  ыстық ықыласына бөленді. (Қалижан Бекқожиннің аудармасы.)    Қ.Мұхамеджанов тек ислам әлемі мен дінінің білгірі ғана емес, сонымен бірге шығыс шайырларының жырларын толық оқып, зерттеген ғалым.  Кеш соңында  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы Кенжебаева Гүлназия Әбілхайырқызы, осындай  рухани азықты жоғалтпай бізге жеткізген Қалтай ағаның жары Фарида Бекжанқызы мен ұрпақтары Жәмила мен Алтай Мұхамеджановтарға Сыр халқының атынан үлкен алғыс айтатынын жеткізді. Шарадан оқырмандарымыз рухани азық алып, керемет көңіл күймен тарқады. Шараға 18-оқырман қатысты.
16 қараша 2023 ж. 159

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам