Мамандық таңдау-маңызды қадам
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Ж.Маханбетов ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау-маңызды қадам» атты пікір-талас алаңы №143 мектеп оқушылары мен мамандардың қатысуымен өткізілді. Ауылдағы түрлі мамандардың ой-пікірін тыңдай отырып, жастар қазіргі кездегі қоғамға қажетті мамандықтар туралы ойларын ортаға салды. Шараның мақсаты: оқушылардың болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыра отырып, мамандық таңдауда қыр-сырын меңгерту.







