» » Ізгілік теңізінен інжу терген жазушы

Ізгілік теңізінен інжу терген жазушы

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында танымал жазушы, драматург, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығын, мол әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Ізгілік теңізінен інжу терген жазушы» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Іс-шараға С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында әдебиетші-оқытушылар Г. Ізтілеуова, А. Нұрмағанбетқызы қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгіме өрбітсе, кітапханашы Г. Залиева бүкіл шығармаларынан адалдықтың самалы есіп тұратын, оқырманын қашанда әділдікке, парасаттылыққа жетелейтін, үнемі ақиқаттың жоқшысы болып жүретін жазушының жыл көлемінде оқырмандардың зор сұранысына ие болған реалистік және философиялық толғаныстарға толы «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы», «Ақиқат», «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Өліара», «Әке» және т.б. шоқтығы биік танымал шығармалары мен «Біз үшеу едік», «Ардагер» атты драматургиялық туындыларының ерекшелігіне, кейіпкерлерінің образдарына тереңірек тоқталып, кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Оқырмандарға заман талабына сай жазушы шығармаларын QR-код арқылы оқуды ұсынды. 
21 қараша 2023 ж. 155

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам