Балалық балғын шаққа саяхат
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Нұр Әлемі» балабақшасының бүлдіршіндеріне «Балалық балғын шаққа саяхат» атты көшпелі кітап көрмесін ұсынып, таныстырды. Балалар кітап көрмесіне қойылған «Дауысқа құлақ асайық» атты сериядан шыққан: «Аспаптар үні», «Орман үні», «Қуыр – қуыр, қуырмаш» ,«Ғажап деректер» сериясы бойынша жарық көрген балаларға арналған танымдық энциклопедиялар : «Музыка,би, драма », «Мультфильм кейіпкерлері», «Фестивальдар», «Бүлдіршіндерге арналған әндер», «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан», Т.Нұрмағанбетовтың «Қош бол, ата» , «Даналық әліппесі нұсқаулық» және т.б. көптеген әдебиеттермен қызыға танысып, өз ара ойларымен бөлісті.







