Зорлық-зомбылық - қоғам қасірет
Қоғамдағы зорлық-зомбылықтың жолын кесуде халықты сауаттандыру, жәбірленушілерге ақпараттық көмек көрсету, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту мақсатында 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акция аясында, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық қалалық кітапханада «Зорлық-зомбылық - қоғам қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы аға инспекторы полиция капитаны Ерболат Айгерім және Қызылорда облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы » ММ-нің қызметкерлері қатысты. Шара барысында қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар, жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылық төңірегінде пікірлер айтылды. Аға инспекторы полиция капитаны Ерболат Айгерім Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесетіні жайында айтып, қоғамдағы зардап шегушілердің жағдайына бей-жай қарамай, көмектесуге шақырды. Сонымен қатар полиция аға лейтенанты Маденов Оразалы, аға сержант Әли Акбар Шыңғыс, кіші сержант Саденов Абзал үйдегі зорлық – зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологикалық, құқықтық көмек көрсетіліп, зорлық – зомбылық құрбандарының отбасыларымен жұмыс жүргізетіні төңірегінде ойларын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушылар «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Әрбір Қазақстан азаматының өз өміріне, жақындарына жауаптылықпен қарау - адамзаттық борышымыз» деген бір-біріне жылы ойларын айтып, адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін өз үлестерін қосатындығын айтып, шараны қорытындылады.







