«Мансап» әңгімесі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел,бір кітап» акциясы аясында Қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің «Мансап» әңгімесі бойынша кітап талдауы Ғани Мұратбаев атындағы № 171 орта мектеп оқушылары мен кітапханашыларының қатысуымен өткізілді. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқутышысы Құрманәлі Айгүл жазушының кейіпкерлері –бүгінгі замандастарымыз екендігін, тырнақалды шығармасынан бастап советтік дәуіріміздің жаңа адамдарын, олардың жаңарған жан-дүниесін жырлап келетіндігін, әңгімедегі ақша, мансап, дүниеқұмарлық билеген капиталистік қоғамда цивилизацияның адамзат санасын улап, оны адам емес, жай ғана механизмге айналдыру трагедиясы жазылғандығын айтты. Шығарма бойынша оқырмандар сол кездегі қазақ ауылын, тұрмыс-тіршілігін, этнографиялық ерекшелігін, сан алуан адамдардың мінез-қаракетін айтты. Шара соныңда №12 кітапхананың кітапханашысы Меңлібаева Жадыра «Қазақ прозасының биік шыңы» атты кітап көрмесі бойынша таныстырды.







