Бал дәурен, шіркін, балалық
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың – 100 жылдығына орай Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектеп – лицейінің оқушыларымен « Бал дәурен, шіркін, балалық» атты поэзия сағаты болып өтті. Саналы ғұмырын халқымыздың бірлігі мен келісіміне, ұлт әдебиетінің әлемдік биікке көтерілуіне арнаған, жүз сексен әнге өлең жазған ақынынң өлеңдерін жас оқырмандар жатқа оқыды. 1952 жылы алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» басылып, шығармалары 20 тілге аударылған. Сонымен қатар балаларға арналған бірнеше кітаптардың авторы. Ақынның өлеңдері балаларды өзінің елін, туған жерін сүйюге, табиғатты қорғауға, еңбек етуге, білімді болуға шақырады. Шараның мақсаты ақынның шығармаларын насихаттап бүлдіршіндерді кітап оқуға баулу.







