Ақпарат айдыныдағы қос басылым
30 қараша - Халықаралық ақпаратты қорғау күні. Білім мен ғылым ғасыры атанған ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, ашық ақпараттық кеңістікке өту, қоғамның ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі, кітапханалардан жаңа бағыттағы жұмысты талап етеді Осы айтулы күнге орай, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада ашық есік күні өтті. Шараға арнайы «Ақпарат айдыныдағы қос басылым» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар кітапхана қорына келіп түсетін барлық мерзімді басылымдар мен және де оқырмандардың ерекше сұранысына ие болған «Әлімсақ» әдеби-мәдени, тарихи-танымдық журнал мен Республикалық қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік «Ұстаз мәртебесі» газетімен жақынырақ танысып, баспа бетіндегі жарияланған соңғы ақпараттармен танысты. Шараға «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты директоры Бауыржан Елеусінов, «Абылайхан» атындағы №140 орта мектеп директорының орынбасары Бақытжан Жақсылық, «Сыр Медиа»ЖШС директорының орынбасары Айжан Абдуллаева қатысып, оқырман жүрегіне жол тартқан қос басылымды Сыр елінің тұрғындарының жылы қабылдап, жоғары бағалағаны жайлы айтып, шараға қатысушылар өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Шара соңында кітапханамыздың белсенді оқырманы, қос басылымның бас редакторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов келген оқырман қауымға рахметін айтып, бар жаңалықтың жаршысы болған газет-журналдарды кітапханаға келіп оқып, рухани азық алып, бай болуға шақырды.







