Биік болсын шаңырақ
Ақжарма ауылдық №9 кітапханада «Биік болсын шаңырақ» атты танымдық сағат өткізілді. .Шараға «Сырласу» әйелдер клуб мүшесі Болтаева Қалдыгүл қатысып киіз үйдің құрал – жабдықтары, құрылысы, ішкі безендірілуі туралы шеберлік сағатын өтткізді. Сонымен қатар ою- өрнек түрлерімен таныстырып, тұс киізге арналған ою түрлерін ойып көрсетті. Шараның мақсаты: оқырмандарға салт-дәстүр,жол-жоралғы,ырым-тыйым,ұлттық ою-өрнек ою,зергерлік бұйымдар және де басқа құндылықтарды насихаттау. Кешегінің салт-дәстүрін зерттеп, оны бүгінгі күнмен ұштастыру.







