Қазақстан, Отаным, Азат елім!
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан, Отаным,
Азат елім!» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктері мен Желтоқсан оқиғасының тарихы жайлы аталмыш колледждің оқытушысы, Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Г. Жаркенова және кітапхана қызметкері Г. Залиева кеңінен әңгімеледі. Колледж студенттері Отан, азаттық, тәуелсіздік, егемендік жайлы өлеңдер оқып, арнайы дайындалған кітап көрмесімен танысты.