Жаны жырдан жаралған.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 12 кітапханада Ғани Мұратбаев атындағы № 171 орта мектеп оқушыларының қатысуымен ақын Қомшабай Сүйеніштің шығармаларын насихаттау мақсатында «Жаны жырдан жаралған» атты әдеби кеш өткізілді. Ақынның өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Ақынның өлеңдерімен қатар кезінде театр сахналарынан түспеген « Кемпір шалдың еркесі», «Сен де жалғыз, мен де жалғыз» пьесалары, повестері, таныстырылып, жас оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.







