Тәуелсіздік-ұлттық өрлеудің ұлы күні
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеудің ұлы күні» атты ерлік сағаты өткізілді. Шара барысында оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтары, осы жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған желтоқсан құрбандары Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджановалар жайлы мәлімет берілді. Жас оқырмандар Тәуелсіз еліміздің тарихы мен тағылымынан сыр шертетін қазақ ақындарының өлең-жырларын жатқа оқып, оқырмандарға әдебиеттер насихатталды. Шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы мағлұмат беру, елжандылыққа тәрбиелеу.







