Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты
Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №19 кітапханада 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты» атты танымдық сағаты өткізілді. Шара барысында оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтары, елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған желтоқсан құрбандары жайлы мәлімет айтылды. Жас оқырмандар Тәуелсіздік жайлы қазақ ақындарының өлең-жырларын жатқа оқып,өз өнерлерін көрсетті.







