Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 12 кітапхананың ұйымдастыруымен Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектеп оқушылары қатысуымен Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тарихи кеш өткізілді. Шара барысында еліміздің тәуелсіздігі жолындағы тарихи кезеңдерден арнайы бейне баян көрсетіліп, мағлұматтар берілді. Жас оқырмандар Бекжан Ансари Базарбай Исаевтің«Қуан қазақ, күн туды қуанатын!», Төлеби Ерасыл «Тәуелсіздік тірегім» атты өлеңдерін жатқа оқып, отанға деген сүйіспеншіліктерін ақын өлеңдерімен жеткізе білді. Кітап көрмесіне «Тәуелсіздікке тарту» және «Тәуелсіздік толғауы» сериясымен шыққан әдебиеттер қойылып, оқушыларға таныстырылды. Шараның мақсаты:Оқырмандарға тәуелсіздігіміздің мән- мағынасын түсіндіру, олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елжандыллықа тәрбиелеу.







