Жаңа жыл – жаңа оқырман

      Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 2 балалар кітапханасында «Жаңа жыл – жаңа оқырман» атты кітапханалық акция өткізілді. Акция – оқырмандарды кітапханаға тартудың, кітапхананы жарнамалаудың бір түрі. Бұл күні оқырмандар акцияға арнайы ұйымдастырылған  «Менің алғашқы кітабым», «Ертегі еліне жол сілтейтін кітаптар», «Кітаппен дос бол», «Жаңа жылда кітаппен бірге»  атты қызықты, түрлі-түсті кітап көрмелерімен, жаңа кітаптармен, мерзімді басылымдармен танысты. Ал кітапхананың алғашқы  11 жаңа оқырмандары өздеріне ұнайтын реттік саны бар оқырман формулярына ие болды. Кітапхана оқырмандарға қуанышты эмоциялар мен ең қызықты кітаптармен жағымды уақыт сыйлады.
08 қаңтар 2024 ж. 119

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам