Egemen Qazaqstan
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы кітапхана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне, академик Дихан Қамзабекұлына берген көлемді сұхбаты туралы кітапхана оқырмандарымен дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЗК-169-5 мекемесінің кеңесшісі Есмаханов Жалғасбай, ТОО «Марден Қызылорда» мекемесінің инспекторы Садықов Бақытжан сұхбаттың еліміз үшін, халқымыз үшін маңызының өте зор екендігін, мазмұнды да мағыналы сұхбатта айтылған мәселелердің бәрі ұлтымыздың болашақтағы негізгі бағыт-бағдары, алтын қазығы деп, өз ойларын ортаға салды. Әрине бұл сұхбат маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай, қоғам өмірінің барлық саласын қамтып, барынша жатық, түсінікті тілмен толыққанды берілген. Халық арасында түрлі көзқарас, түрлі пікір туғызған Қаңтар оқиғасы туралы, Қазақстанға Ресейдің әскери қызметшілерін шақыру туралы қойылған салмақты сауалға Президент егжей-тегжейлі тоқталып, сол бір дүрбелең қасіреттің басталуы, етек алып өрбуі, қандай қиын сындарлы сәттерді бастан кешуге тура келгені туралы айтылды.Осындай сындарлы уақытта Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев табандылығы мен қайсар мінезінің, батыл шешімдерінің нәтижесінде «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, қайсарлылық танытып, елдігімізді және егемендігімізді сақтап қалды. «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» тақырыбын арқау еткен бұл сұхбат ел өміріндегі көптеген түйткілді мәселелерді қамти отырып, Мемлекетіміздің бүгінгі даму сатысын айқындап берген және әрбір Қазақстандыққа жігер беріп, елдікті нығайтуға негіз болған сұхбат. Жаңа әділетті Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз деп санаймыз.







