Мәңгілік ел бастауы-рухани жаңғыру
Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз қалдырған. Ұғына білген адамға бұл нақылдың астарында терең мағына жатыр. Мәні «Мәңгілік ел» идеясымен бір арнаға тоғысады. Бесігі түзу елдің ғана ғұмыры мәңгілік. Осы орайда, медициналық жоғары колледж студенттерінің қатысуымен жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада өскелең ұрпаққа «Мәңгілік ел» идеясын сіңіріп, мән - маңызын ұғындыру және ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру мақсатында «Мәңгілік ел бастауы-рухани жаңғыру» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды.
Шараға қатысушылар Ұлы Даланың қазақ тарихында аттары алтын әріппен жазылған даңқты ұл-қыздары, ел тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен тарихи тұлғалар туралы дәстүрлі әдебиеттермен және мерзімді басылымдар бетіне жарияланған мақалалармен жақын танысты. Көрмеге қойылған кітаптарымыздың өскелең ұрпаққа берері мол,- деп өздерінің жүрекжарды ойларын білдірді.