Құндылық бастауы-кітапхана
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Құндылық бастауы-кітапхана» атты ашық есік күні өтті.
Ашық есік күніне Абылайхан атындағы №140 орта мектептің 7 сынып оқушылары сынып жетекшілері орыс тілі пәнінің мұғалімдері Теңізқұлова Зияда, Ыбрай Нұрайлым қатысып, кітапхананың пайдалану ережелерімен, жүйелік және алфавиттік каталогтың жұмысымен, кітапхананың тарихымен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен, танысты. Сонымен қатар, биылғы «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясындағы жыл таңдауы қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Ұлттық әдебиетіміздің классигі », «Мәңгілік ел бастауы –рухани жаңғыру», «Сахна саңлағы», «Мерейтой иелері» атты кітап көрмелерімен жақын танысып, кітапхана жайлы көптеген мағлұматтар алды. Шара соңында жастарды кітапхананың мүмкіндіктерін пайдалануға шақыра отырып, кітапхананың мекен-жәйі жазылған және кітапхананың веб сайты, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері жазылған жарнамалық парақшалар таратылды. Шара нәтижесі бойынша кітапханаға 8-оқырман жазылды.