Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жылдығына орай әдеби портрет №197 мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Ерубаев Саттар 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын арнайы курсты, Ленинградтың тарихфилософиялингвистика институтын бітірген. Шарада оқырмандарға ақын Саттар Ерубаевтың өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен айтылып, лирика жанрында кең тараған, көңіл күйі, табиғат жайлы философиялық өлеңдері «Жаңбыр», «Көктем туралы», «Көмір жырынан», «Достық жыр» оқылып, жазушының «Менің құрдастарым» романы кеңінен айтылды. Шара барысында оқырмандар жазушының шығармашылығынан сұрақтар қойып өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарын кітап оқуға шақырып, еңбек сүйгіштікке баулу.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарын кітап оқуға шақырып, еңбек сүйгіштікке баулу.









