Құндылық бастауы-кітапхана
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасында «Құндылық бастауы-кітапхана» атты ашық есік күні өтті.
Ашық есік күніне Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп – лицейінің 4 «Д» сынып оқушыларымен кітапхана меңгерушісі Байымбетова Шолпан қатысты. Биылғы жылдың тұрақты көрмелері «Бір ел - бір кітап» республикалық акция аясындағы жыл таңдауы қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев шығармалары, «Мерейтой иелері», «Балаларға базарлық», «Табиғат ғажайыптары», «Күн дидарлы – Қазақстан» атты кітап көрмелерімен балалар жақын танысып, кітапхана жайлы көптеген мағұлматтар алды. Сонымен қатар балалар кітапхананың пайдалану ережелерімен, жүйелік және альфавиттік каталогтың жұмысымен таныстырылып, кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттерді оқуға балалардың қызығушылығы артты.
Шараның мақсаты: Жас буын оқырмандарға туған елдің тарихы мен мәдениетін, білімі мен рухани байлықтарын насихаттап, кітапқа деген қызығушылығын оятып, кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.