Сахна саңлағы

    Біртуар актриса, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың туғанына 105 жыл  толуына орай жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Сахна саңлағы» атты танымдық сағат өтті. Еліміздің мәдениеті мен өнері жолында артына өшпес мұрасын, айшықты қолтаңбасын қалдырып кеткен тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығына арнайы «Ұлы өнер- ұрпаққа үлгі» атты кең көлемді кітап көрмесі  ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды. Сондай-ақ іс-шара барысында  оқырмандар халқымыздың аяулы перзенті - Қазақ КСР-інің халық артісі, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Отан, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, сахна және кино өнерінің даңқты шебері Әмина Ерғожақызының өмірі мен өнегелі жолы айқын берілген  кітаптармен жақынырақ танысты. Актрисаның өзінің отбасылық мұрағаты мен ұрпақтарынан жинақталып, сұрыпталып алынған фотосуреттер мен майталман шебердің өміріндегі айтулы тарихи сәттері айқын көрініс тапқан «Халық перзенті» сериясымен шыққан Әмина Өмірзақова атты фотоальбом, «Ғибратты ғұмыр» сериясымен жарық көрген Сейілғазы Әбдікәрімнің Әмина Өмірзақова (Ғұмырнамалық деректі хикаят) кітабы ерекше сұранысқа ие болды. Іс-шараға қатысқан жастарымыз «Әмина апамыз өнердің анасы. Қазақ киносында, Анаға тән қасиеттің барлығын бір бойына сыйдыра білген  ұлы өнер иесіне Бүкілодақтық кинофестивальде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясы табысталды» деп өз пікірлерімен де бөлісті. Шара өте тартымды, қызықты өтті. Шараға 17 оқырман қатысты.
 
15 қаңтар 2024 ж. 190

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам