Білім болар кітапта, Кітапты оқып қызықта!
№4 кітапханада жастарды кітап оқуға тарту, кітап қорындағы әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Білім болар кітапта, Кітапты оқып қызықта!» атты ашық есік күні өткізілді. Шара барысында жас оқырмандар кітапхананың кітап қорындағы қызықты кітаптармен, энциклопедия, анықтамалықтармен, жаңа түскен әдебиеттермен, пайдалану ережелерімен танысты. «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Жыл кітабы», «Мерейтой иелері»,«Жаңа әдебиеттер»атты тұрақты көрмелеріне шолу жасалып,оқырмандар оқуына әдебиеттер ұсынылды. Өздері оқыған кітаптарын ортаға салып ой-пікір өрбіткен оқырмандар, қазақ ақындарының өлең-жырларын мәнерлеп жатқа оқыды.







