Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №11 Талдыарал ауылдық кітапханасында биылғы жылғы мерейтой иесі, қазақ өнерінің шоқтары биік тұлғасы, талантты актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына орай "Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер" атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында Шәкен Аймановтың өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Шараның мақсаты: жастардың ұлттық театр өнері мен киноға деген қызығушылығын арттыру. Өнер саласын таңдауларына ықпал ету. Өнер саласындағы әдебиеттерді насихаттау.







