Кітапхана әлемі.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасы №233 Ж.Нұрсейтов атындағы орта мектептің 5,6 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана әлемі» атты ойын –саяхат өткізді. Өскелең ұрпақты кітапхана қызметімен таныстырып, кітапханаға оқырман тарту, балалар жаңа кітаптармен, авторларымен, мерзімді басылымдармен, кітап көрмелерімен, «Не?Қайда? Қашан?» атты кітапханалық ойынға қатысып, кітапхана қызметімен жақын танысты.







