Қазақ киносының саңлағы.
№6 кітапханада дарынды актер, қазақтан шыққан тұңғыш кинорежиссер Ш. Аймановтың 110 жылдық мерейтойына орай «Қазақ киносының саңлағы» атты танымдық квест өтті. Шара барысында оқырмандарға ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуына, қазақ театры мен киноматографиясының дамуына зор үлес қосқан сан қырлы талант иесі Ш. Аймановтың өмірі мен шығармашылық жолы, кәсіби шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, адами қасиеттері мен туған халқының болмысын әрбір фильміне арқау етіп режиссерлік жасаған және өз рөлін нанымды сомдаған кинотуындылары мен ұлы тұлғаның атымен аталатын «Қазақфильм» киностудиясы жайлы кеңінен айтылып К. Кенжетаевтың «Асылдар мен ардақтылар», «Дархан дарын», «Шәкен Айманов» кітап-альбомы, «Топжарған», Ә. Сығайдың «Актер әлемі», Сахна саңлақтары», «Таңғажайып театр», Қ. Сирановтың «Кино туралы әңгімелер», Р. Рүстембековтің «Қазақ совет комедиясы» және «Кино и вся жизнь» атты әдебиеттер таныстырылды.







