Рухты өнер иесі

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №14 Белкөл кітапханасында  қазақ театрының хас шебері, табиғаты дара суреткер, актриса – Сәбира Майқанованың туғанына 110 жыл толуына орай «Рухты өнер иесі» атты еске алу кеші өтті.  Шараға  "Әл-Әзиз" оқу орталығы  6-7 сынып оқушылары  белсене қатысты. 
   Сабира Майханова- ХХ ғасырда қазақ халқының сахналық және кино өнерін биікке алып шыққан тұлғалардың бірі. Шара барысында С.Майқанованың  өнегелі  өмірі мен    өнер    жолы кеңінен таныстырылды. Оның сахнадағы тұңғыш ролі - Б.Майленнің "Майдан" драмасындағы Алтынайды орындаудан бастап кейіннен ұлттық , бүкілхалықтық және халқаралық мән – мағнасы зор М.Әуезовтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ш.Айтматовтың, А.Чеховтың, О.Иоселианидің , Ж.Мольердің, т,б драмалық шығармаларындағы ондаған әйел, ана тұлғаларын асқан шеберлікпен сомдағаны туралы айтылып,    өнер әдебиеттері кеңінен таныстырылды. 
23 қаңтар 2024 ж. 183

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам