» » Діни сауаттылық қоғам қауіпсіздігі

Діни сауаттылық қоғам қауіпсіздігі

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана және С.Майқанова мәдениет үйімен бірлесе Терроризм және діни экстремизмді болдырмау мақсатында «Діни сауаттылық қоғам қауіпсіздігі» атты дін өкілдерімен кездесу кешін  өткізді. Шараның мақсаты:Экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері,себептерімен зардаптарын, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік,құқықтық,діни сипаттарын ұғындыра отырып,оларды террорлық және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
   Шараға  Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бақтияр Оспанов, Тасбөгет полиция бөлімінің мойоры Қилсов Асылбек қатысты. Шарада жалпы экстремизмнің пайда болуы надандыққа, қорсоқырлыққа биік апаратынын, қазіргі жастардың имандылыққа, дінге деген көзқарастарын оңынан қалыптастыруға, жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесіне ықпал ету, көшеде бостан бос жүруі, келеңсіз қылықтар жасап, жалпы қоғамдық тәртіпке бағынуы жайлы талқыланды.  «Дін және уақыт» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер   кеңінен таныстырылды. Шара соңында С.Майқанова мәдениет үйінің  әншісі Лескен Ашықбай имандылық туралы ән шашуын арнады.
23 қаңтар 2024 ж. 143

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам