Үш бәйтерек – үш ғұмыр»

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана №1 «Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-мен бірлесіп ұлттық әдебиетіміздің қалыптасуы мен елдің қоғамдық-рухани өмірінің дамуына зор үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен дарынды да қарымды қаламгерлеріміз С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиннің 130 жылдық мерейтойларына орай «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» атты 3 беттен тұратын ауызша журнал өткізді. Журналдың алғашқы бетінде ғибратты ғұмыр иелерінің өмір жолдары кеңінен таныстырылса, екінші бетінде шығармашылық еңбектері мен ол кісілер жайлы естеліктер айтылды, ал журналдың үшінші бетінде мекеме қызметкеркерлері Қалдыбек Ақерке, Бауыржан Жансая мен мекеме қызмет алушылары Әмитов Амангелді, Тілеуқабылов Болат С. Сейфуллиннің «Қазақ даласында», І. Жансүгіровтің «Туған жер», Б. Майлиннің «Жазғы кеш» және т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара кітапхананың жас оқырманы Қалдыбек Еркенұрдың орындауындағы Құрманғазының «Адай» және «Тұран» ансамблінің «Ер Тұран» күйлерімен қорытындыланды. 
24 қаңтар 2024 ж. 196

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам