» » “Бір ел -бір кітап” республикалық акциясы

“Бір ел -бір кітап” республикалық акциясы

     Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы  кітапханада   дәстүрлі  “Бір ел -бір кітап” республикалық акциясының салтанатты ашылуы өтті.  
     Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» республикалық  акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акция аясында биылғы жыл таңдауына көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің бәйтерегі, 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары жаппай оқуға ұсынылып отырОсы, орайда  кітапханада «Ұлт әдебиетінің классигі» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке арнайы кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып,  қалың оқырман қауымға қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың жазушылық келбеті жайында сыр шертетін әдебиеттермен бірге, қаламгермен бірге жүрген замандастарының, көз көрген ізбасар інілерінің, сыншылдардың, балаларының естеліктері,барлық таңдамалы шығармалары әңгімелері, повесть, романдары ұсынылып, кітапханашы Асқарова Назерке әдебиеттерге шолу жасап таныстырды.                      Шара   Т. Молдағалиевтің сөзіне жазылған   Н.Тілендиевтің   «Туған ел»   әнін орындаудағы  «Үздік ұландардың» маршымен басталды. 
     Шараға Абылайхан атындағы №140 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері  Қосанова Марал  апай және Ұлжан Абдуллақызы, №2 «Қызылорда арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсету орталығы» Мемлекеттік Мекемесінің   кітапханашысы Уалиева Гүлзат Жұмабекқызы бір топ оқырмандарымен,    Жамбыл атындағы№120 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері  Алибаева Жанат Сұлтанбекқызы және Кусейнова Жадыра Абсадыковна өз шәкірттерімен бірге қатысты. Кеш барысында  ұстаздар жас оқырмандарға жазушының шығармашылығын кеңінен айтып жеткізді. Ж.Жабаев атындағы  №120 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары: Темірбек Нұрсаулет, Болат Рамазан, Дәулет Асылай, Маратқызы Фаризалар  ақын шығармаларын жатқа оқыды. Белсенді жас оқырмандар «Менің атым Қожа» фильмінен сахналық көрініс көрсетіп, өнерлі балалар бірнеше ән шырқады.
      Қазақ әдебиетін насихаттау,  рухани мұрамызды сақтау, жастарды Отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған әдеби кешті  Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары Айеке Ақнұр Қыдырәліқызы  қорытындылап, белсенді жас оқырмандарды марапаттады.
25 қаңтар 2024 ж. 140

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам