Жемқорлық-ғасыр дерті
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен «Жемқорлық-ғасыр дерті» атты әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың жастар болашағына кері әсері мен алдын ала қарсы күрес жолдары әңгімеленіп, әдебиеттер таныстырылды. Шараға қатысқан студенттер өздерінің пікірлерін ортаға салып, колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл жөніндегі комплаенс- офицері Бақдаулет Дербісәліұлы Дүрман әрбір адам таза, адал болуы керектігін, шынайы адал еңбек етуі керектігін айтып, жастарды жемқорлық дертінен аулақ болуға шақырды.







