Бала жанының бағбаны
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №9 Ақжарма ауылдық кітапханасы №218 мектеппен бірлесе отырып, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Бала жанының бағбаны» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Шара барысында ұстаз Әбді Аружан Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолдары мен шығармашылығы жайлы айтып, бейне баян көрсетілді. Сонымен қатар белсенді жас оқырмандар Б.Соқпақбаевтың озық туындысы «Менің атым Қожа» повесінен шағын сахналық көрініс көрсетті. «Балалар әдебиетінің бәйтерегі». атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушы шығармалары кеңінен таныстырылды.







