Менің денсаулығым-менің болашағым
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана ұйымдастыруымен жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ықсанов атындағы колледжінің 1-күрс студенттері қатысуымен «Менің денсаулығым-менің болашағым» атты денсаулық саласы мамандарымен кездесу кеші өткізілді.
Шараға №4 қалалық емхананың Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Махмутова Жамила және колледж мейірбикесі Қаппарова Айгерім, педагог-психолог Балтабаева Перизаттар қатысып, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден-ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен аулақ болу керектігін, зиянды әрекеттердің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылданып, Салауатты өмір салтын қалыптастыруы қажет екендігін түсіндірді. Шара соңында кітапханашылар кітап көрмесі бойынша жастардың денсаулығына қажетті әрі пайдалы әдебиеттермен таныстырды.