«Тас бөгет» повесі
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада, ұрпағына асыл мұра қалдырған қазақтың ұлы ақыны, жазушы, жерлесіміз Жақсылық Түменбаевтың «Тас бөгет» повесі бойынша, Абылайхан атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен кітап талдауы өтті. Талдау барысында кітапхана оқырмандары шығарманың мазмұны бойынша өз ойларымен бөлісіп, повестің желісі бойынша дайындалған сұрақтар төңірегінде шығармада айтылғандай, жас адамның қалыптасуын, сонымен қатар өмірдегі,еңбектегі алғашқы қадамы нанымды суреттелген көріністер мен есте қаларлықтай жанды кейіпкерлер туралы өз ойларын ортаға салды.







